Жаңақорғанда 30 тарихи ескерткіш бар

49

0

Жаңақорғанда 30 тарихи ескерткіш барЖаңақорған. Аудандық тарихи-өлкетану музейінде халықаралық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау күніне арналған «Егемен елдің еңселі ескерткіштері» атты шара өтті. Музейдің экскурсия жүргізушісі Б.Таждинов өз баяндамасында ауданымыз бойынша 30 тарихи ескерткіш бар екендігін айта келе, тарихи-мәдени мұраларымызды келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау бүгінгі аға ұрпақтың басты аманаты екендігін баяндады. 
«Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері, А.Сопыбеков пен А.Бибасаров сыр елінде ірілі-ұсақты 30 шақты қалалардың болғандығын һәм әр төбешіктің астында бір тарих жатқандығын тілге тиек етіп, қатысушы шәкірттерге қарата «өзіңнің бұрынғы өткен тарихыңды білмесең, онда бұл дүниеден нәресте болып өтесің» деген ғұламаның ғибраты сөзімен түйіндеді. Бөлім басшысы Ә.Төлегенов Елбасының бастамасымен өмірге келген «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраларымызды зерделеуге мүмкіндік алдық, рухани құндылықтарымызды түгендей бастадық, сондықтанда жастарымыздың бойына «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын мықтап сіңіруіміз керек деп шараны қорытындылады» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз