Жаңақорғанда егінге орақ түсті

52

0

Жаңақорғанда егінге орақ түстіҚызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округінде күріш ору науқаны басталды. Сыр маржанын жинауға арналған кеңесте аудан әкімі С.Тәуіпбаев, Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының директоры С.Өмірзақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы З.Шермағанбетов диқаншылар қауымына мол өнім тілеп, салтанатты түрде қызыл лентаны қиды,-деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Біздің шаруашылықтың негізгі бағыты – ауылшаруашылық дақылдарының бірегей, элиталық және жоғары өнімді тұқымдарын көбейту. Биылғы жылы 566 га күріш, 354 га күздік бидай, 354 га жаңа жоңышқа, 281 га егіс алқабына ескі жоңышқа ектік. Егін орағына 10 трактор, 3 жүк көлігі, 10 дана астық комбайыны сақадай сай тұр. Жуырда ғана 25 млн. теңгеге Қостанайда құрастырылған «Есіл-760» комбайынын сатып алдық. Ендігі мақсат диқаншылардың маңдай терімен еккен егінін шашпай төкпей жинап алу», -дейді, «Түгіскен ТШ» ЖШС-нің директоры Н.Рүстемов. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз