Жаңақорғанда ұлттық спорттан жасөспірімдер чемпионаты өтті

55

0

Жаңақорғанда ұлттық спорттан жасөспірімдер чемпионаты өттіЖаңақорғанда ұлттық спорт түрлері – көкпар, аударыспақ, теңге ілу мен жамбы атудан V жасөспірімдер чемпионаты аяқталды.
    Оған Алматы қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан,
Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан  және Қызылорда облыстарынан 8 команда
қатысты. Жарыс қорытындысында көкпардан ОҚО шабандоздары 1-орынды
иеленді. Күміс жүлде қызылордалық, ал қола жамбылдық командаларға
бұйырды.
    Одан бөлек, аударыспақтан 40 келі салмақта Жақып Расылбектің (ОҚО),
50 келі салмақта батысқазақстандық Рахматолла Темірбековтың мерейі
үстем болды. 60 келі салмақта Нармағанбет Иманғазыұлы (БҚО), 70 келі
салмақта ақтөбелік Балтабек Төребек жеңіс тұғырына көтерілді. 70 келіден
жоғары салмақта Жасәділ Ембергенов (Ақтөбе облысы) 1-орынды иеленді.  
    Теңге ілу сайысында қызылордалық Әлішер Сейітхан ел чемпионы
атанса,  жамбы атудан ОҚО-дан Байдаулет Өтелбай мықты екенін дәлелдеді.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, диплом және кубокпен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз