
– Үстіміздегі жылы қаралған қылмыстық істер бойынша қоғамдық пікір туғызған істердің бірі – Жаңақорған ауданында орын алған мал ұрлығы қылмысы, – деп бастады өз сөзін сот төрағасы А.Әбу. – Жаңақорған ауданында 8 сотталушы 22 жәбірленушінің мал қораларына, мал жайылымдарына 15 рет ұрлыққа түскен. Соның нәтижесінде ірі, ұсақ малдарын ұрлап, жәбірленушілерге барлығы 7 315 000 теңге мүліктік залал келтірген. Аталған қылмыстық іс алғашында іс бойынша жәбірленушілердің және куәлардың көп болуына орай, көшпелі мәжілісте қаралды. Үстіміздегі жылдың 6 мамырында қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды. Сот үкімі бойынша 8 сотталушының 2-і мүлкі тәркілене отырып, бас бостандығынан айыруға, 2-і бас бостандығын шектеуге сотталды. Ал қалған 4-і жәбірленушілермен татуласып, келтірілген шығынның есесін толтыруына орай қылмыстық істері қысқартылған.