Жаңақорғанда мешіт күрделі жөндеуден өткізілді

48

0

Жаңақорғанда мешіт күрделі жөндеуден өткізілдіБесарық ауылдық округіндегі Кеңес ауылында заманауи үлгіде қайта жаңғыртылған имандылық үйі есігін айқара ашты. 
Ауыл тумасы «Құрбан ата» мешітін
күрделі жөндеуден өткізуге қаржылай қолдау көрсетті. Қасиетті жұма
күніне сәйкес келген игілікті істің ашылу рәсіміне игі жақсылар жиылды.
Ашылу салтанатында сөз алған облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас
имамы Талғат қажы Омаров мешіт салудың Алла алдындағы сауабы хақында
насихат өрбітіп, кәсіпкерге қасиетті «Құран-Кәрім» кітабын сыйға
тартты. 
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары
Б.Айтбембет бүгінгі таңда аудан бойынша 32 имандылық үйі бар екенін
тілге тиек етіп, жомарт жанға елдің атынан ризашылығын жеткізді. 
Соңыра, жаңа құтханада жұма намазы
оқылып, бабалар рухына Құран бағышталды. Жаратқаннан жарылқау тілеген
жамағатқа ақ дастархан жайылып, ақсақалдар қауымы ақ батасын берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз