Жаңақорғанда таза ауызсу шығаратын цех іске қосылды

42

0

Жаңақорғанда таза ауызсу шығаратын цех іске қосылдыЖаңақорғанда таза ауызсу шығаратын жаңа технологиялық цех іске қосылды. Бұл ауданымыздағы бөтелкеге құйылған таза су өндіретін алғашқы зауыт. «Қазақстанда жасалған» маркасымен шығарылатын өнім «Талдысу» деп аталады, деп хабарлады Жаңақорған аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Цех басшысы – жаңақорғандық жас кәсіпкер Қайсар Абайханұлы.Ол енді бір ай көлемінде осында махш-шай шығаруды да қолға алатындықтарын, оның да барлық құрал-жабдықтары әкеліп қойылғандығын айтады.

Ал «Талдысу» табиғи таза ауызсуы кешеден бастап аудандағы дүкен сөрелеріне сатылымға шықты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз