Жаңақорғанда \»Тазалық\» акциясы өтті

43

0

Жаңақорғанда "Тазалық" акциясы өтті«Бұлақ көрсең – көзін аш» демекші, Жаңақорған кентінде «Тазалық» акциясы аясында Тайпақкөл маңына тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сауапты да берекетті шараға 22 мекемеден 334 адам қатысты. Оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, жастар мен еріктілер де бар.
Кентке аяқ су айдайтын көлден Нарымбетов көшесіне баратын каналдың екі жағасы, осы каналдан бастап М.Көкенов көшесінен көлдің үстіне өтетін өткел- көпірге дейінгі көлдің екі жағалауы, су бетіндегі қоқыс және стадион маңындағы көл ұлтаны тазартылып, жиналған күл- қоқыс сыртқа шығарылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз