Жаңақорғанда жастар саясаты жөніндегі облыстық кеңестің көшпелі отырысы өтті

49

0

Жаңақорғанда жастар саясаты жөніндегі облыстық кеңестің көшпелі отырысы өттіОблыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімі
Қ.Көшербаевтың төрағалығымен Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округінде
жастар саясаты жөніндегі Қызылорда облыстық кеңесінің көшпелі отырысы
өтті.
    Кеңестің негізгі міндеті – жастарға қатысты кешенді мемлекеттік
саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру
жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау.
    Аталмыш кеңесте республика бойынша «Жастар ресурстық орталықтары»
қызметтерінің жаңа моделін қалыптастыру, жастар денсаулығын сақтау мен
нығайту бойынша атқарылған жұмыстар, Қызылорда облысы, Қармақшы,
Жаңақорған аудандары бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге
асырылу барысы туралы хабарламалар тыңдалды. Сондай-ақ, NEET санатындағы
жастарды қолдаудың тетіктерін табу мәселесі талқыланды.
    Кеңес барысында танымал иллюстратор Аңсаған Мұстафаның қазақ
жастарына арнап салынған суреттер көрмесі тамашаланды. Сонымен қатар, 
Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның
ашылу салтанаты, «БК Қызылорда Цемент» ЖШС-нің цемент өнімін шығаратын
зауыт құрылысы салынатын орынға капсула салу рәсімі өтті.
    Кеңеске облыстық департамент және басқарма басшылары, қала, аудан
әкімдері және орынбасарлары, ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі
мамандары, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері, белсенді
жастар ұйымдары, орта арнаулы оқу орындарының директорлары барлығы
200-ге жуық делегат қатысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз