Жаңақорғанда \»Жайдарман\» жарқын күлкі сыйлады

33

0

Жаңақорғанда "Жайдарман" жарқын күлкі сыйлады«Жастар ресурстық орталығы» КММ Жаңақорған аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Жайдарман» ойынының ақтық байқауы өтті.

Ойынға жыл басынан 24 команданың арасынан үздік шыққан аудандағы орта мектеп оқушыларынан құралған «Әзіл орда», «Кейден құрамасы», «Жаңа құрама», «Жастар», «Өнер көкжалдары» командалары арасында ойын тартысты өтті. Нәтижесінде 1-орынды «Әзіл орда» командасы, 2-орынды «Кейден құрамасы», 3-орынды «Жастар» командасы өзара бөлісті.
Айта кетейік, осы шараға түскен қаржы қайырымдылық шараларына жұмсалады. Байқау жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және өнерге қызығушылығын ояту мақсатында «Жаңақорған тынысы» газетінің қолдауымен өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз