Жаңақорғандық 23 жастағы Базартай зергерлікті кәсіп етіп отыр

36

0

Жаңақорғандық 23 жастағы Базартай зергерлікті кәсіп етіп отыр Жаңақорған. Аудан
тұрғыны Базартай Бабаев бүгінгі таңда зергерлік кәсіппен айналысып, көпшіліктің
ризашылығына бөленіп келеді. Оның жасы бар болғаны 23-те болғанмен, талай
адамға тәлім үйретерліктей кәсібі бар.

Базартай бала
жасынан осы кәсіптің қыр-сырына қанық болып өсті. Алайда, теміржолшы мамандығын
таңдап, сол оқуды тәмамдағанмен, ол бойынша еңбеу ете алған жоқ. Осылайша ол
бала күнгі арманы – зергерлікті кәсіп етуге талпыныс жасады. Аудан орталығынан
екі бөлмелі мекенжай тапты. Оның бір бөлмесіне өзі қоныстанды. Бүгінде оның
дүкенінде алтын-күмістен жасалған сан түрлі бұйымдар бар. Алтын және күміс
сынықтарынан каталог бойынша ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдарды жасап
береді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз