
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол былтыр аудандық инновациялық жобалар мен идеялар жәрмеңкесінде жеңімпаз атанған. Рүстем «Компьютерді қашықтықтан басқару және уақытты үнемдеп тиімді пайдалану» (жетекшісі Р.Алдабергенов) атты жобасын жетілдіру үстінде. Ол қарапайым ғана теледидар пультімен компьютерді басқару, ауылға әлі жете қоймаған 3D мониторы көзілдірігі, компьютердің жарамсыз болып қалған бөлшектерінен желдеткіш, сағат т.с.с құралдарды құрастырып қарымды ізденісте жүр.