ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН БОЛУҒА ЖҰМЫЛА КІРІСТІ

42

0

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН БОЛУҒА ЖҰМЫЛА КІРІСТІКеше және бүгін Жаңақорған ауданын тұрғындары су қаупінің алдын алуға жұмыла кірісті.  
Аудандық жастар ресурсы орталығының жетекшісі Нұрбол Бәкіровтің хабарлауынша бөгеттерді нығайту, қаптар дайындауда   аудан жастарының тигізіп жатқан көмегі көп.  
Аудан әкімі Ғ.Әміреев басқаратын штаб мүшелері бұл бағыттағы жұмыстар жоспарын бекітіп, су басу қаупі жоғары нысандар мен аумақтар нақтыланды. Екі жүзге жуық адам, 20 техника жұмылған іске  аудан әкімінің орынбасарлары Ғ.Сопбеков, С.Ыдырысов жетекшілік жасауда.
Дария арнасын толтырған мол су әсіресе Қожакент, Кейден, Байкенже  ауылдарына айрықша қауіп төндіретіндігі белгілі болып отыр. Бұл ауыл тұрғындары ортақ істен шет қалмай, тасқынға тосқын болатын жұмыстардың белортасында жүр.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз