Жаңақорғанның қарбызы пісті

59

0

Жаңақорғанның қарбызы пісті– 10 мамыр күні Қызылорда қаласында өткен брифингте Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев «маусым айының 25-не Жайылма ауылының қарбызы пісіп, еліміздің бірнеше аймақтарына жол тартады», – деп айтылған болатын. Міне, «айтылған сөз, атылған оқпен тең», демекші кеше алғашқы қарбызымыздың дәмін таттық, – дейді Жаңақорған аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Нұрбол Бакиров.
Жайылма елдімекенінде қарбыз пісіп, жер емген ағайын үшін қауырт шаруа басталды. Кеше осыған орай аудан әкімі Ғалым Әміреев арнайы соғып, диқандар қауымының қуанышымен бөлісті. Аудан орталығынан ашылатын «Мейірім» коммуналдық базарына өнім жеткізу жөнінде шаруалармен кеңес құрды.
Аудан әкімшілігінің бастамасымен 25 маусымда ашылатын «Мейірім» базары ауыл тұрғындарының ауласында өскен көкөнісі мен жеміс-жидегін сатуға арналып отыр. Және сауда қатарлары тегін беріледі. Басты талап – мұндағы өнім бағасының  базар құнынан төмен болуы қажет. Осы мақсатта жергілікті билік Қостанайдан «Цесна» ұнын тікелей алдырып отыр. Базардағы бағасы 5 мың теңгеден асатын бұл ұн «Мейірімде» 4500 теңгеге саудаланады. Ең бастысы осы базарда Жайылманың қарбызы да арзан бағада сатылатын болады.
Аудан әкімдігінің жергілікті брендке айналып үлгірген өнімді насихаттау барысындағы бастамасына орай Жайылманың қарбызы Астана, Ақтөбе, Қостанай қалаларында  да сатылатын болды. Аудан басшылығы тиісті орындармен осы шаһарлар базарларында жаңақорғандық өнімге арнайы орын белгілеу жөнінде келісім жасасты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз