Жаңашыл мұғалімдерге сый-сияпат жасады

80

0

Жаңашыл мұғалімдерге сый-сияпат жасадыБүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев мұғалімдер мерекесіне орай аймақтағы жаңашыл педагогтар мен ардагер-ұстаздарды қабылдады.
Сырдария ауданынан келген 80 жастағы Мукаш Жусупова, 75 жастағы Жалағаш ауданының мұғалімі Әлтай Пірманов және қызылордалық 70 жастағы Сайлаукүл Демесінова мектеп көлемінде өткізген ауқымды шараларын еске алып, естеліктерімен бөлісті. 
Жаңашыл ұстаздар білім беру жүйесіндегі әдістерімен бөлісіп, аймақтағы білім саласының өзекті мәселелері жөнінде ойларын ортаға салды. 
– Бауыржан Момышұлының: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз”-, деген қанатты сөзі бар. Жас ұрпақтың бойына жақсы қасиеттерді, Отанға деген сүйіспеншілікті дарытып, өмірдің қыр-сырын танытатын да – Сіздер, ардақты ұстаздар! Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында ұстаз еңбегін ерекше бағалап, атап өтуді заңдылық деп білемін. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын,- деп облыс әкімі Қ.Көшербаев ардагер-ұстаздарды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. 
Сондай-ақ,  облыс әкімі Қ.Көшербаев білім беру саласының жаңашыл мамандарын құттықтап, арнайы сый-сияпат табыстады. Кездесу соңында марапатталған ұстаздар қауымы аймақ басшысына алғысын білдірді. 
Жаңашыл мұғалімдерге сый-сияпат жасады
Жаңашыл мұғалімдерге сый-сияпат жасады
Жаңашыл мұғалімдерге сый-сияпат жасады
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз