ЖАЛАҒАШ – АҚЫНДАРДЫҢ ЕЛІ

69

0

ЖАЛАҒАШ – АҚЫНДАРДЫҢ ЕЛІ Мәртебелі поэзия әлеміне маздаған өлеңдерімен еніп, ойлы оқырманға көркем туындылар ұсынып, мыңдаған жүрекке жылу сыйлаған Қуат Адис бауырымыз қасиет қонған Жалағаш топырағының тумасы. Ақын азамат бүгінде әдеби ортада өзіне тән болмыс-бедерімен танылған дарынды жан.
Сонау Ұлыбритания елінде Алаш баласының абыройы асқақ, беделі биік екенін дәлелдеген ол Сыр өңіріндегі қаламгерлік жолды ұстанған алдыңғы буынның лайықты ізбасары. Үлкен жүректі ақын бүгін «Өлеңімде – Өмір бар» атты шығармашылық кешін өткізді. Жалағаш ауданының әкімі Талғат ағамыздың тікелей қолдауымен үйлестірілген іс-шараға қонақ ретінде қатысып, ақынын ардаған елдің тындырымды тірліктеріне қанығып қайттық. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Айтбайұлы бір айдың ішінде жалағаштық 6 ақынның жеке шығармашылық кеші өткізілгенін айтты.
Шынтуайтына келгенде, аймақта жергілікті ақындарға мұндай қамқорлық көрсетіп отырған аудандар бірен-сараң. Бұл ретте, Жалағаш ауданының әкімдігі мен идеология саласына жауапты басшылардың қажырлы еңбегін ерекше атап өту керек. Ал, кеш иесі ақын Қуат Адистің шығармашылығына келер болсақ, ол балалар әдебиетіне берері мол ақын. Журналистика мен ақындықты ұштастырған дарынды азаматтың сыйлас, сырлас һәм әріптес ретіндегі орны біз үшін ерекше. Дарияны жағалай қоныстанған көршілес ауданның бетке ұстар ақынын барша сырдариялық тілеулестерінің атынан шын жүректен құттықтаймын. Қаламгерлік жолда қажымас қайрат, талмас қанат, ақындық әлемінде шалқар шабыт тілеймін!
Ақтөре Ибрагимұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз