Жалағаш Мөрәлі Шәменовті еске алды

151

0

Жалағаш Мөрәлі Шәменовті еске алды 22-23 қараша күндері Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовті еске алуға арналған дзюдодан 1998-1999 жылдары туылған жасөспірім ұлдар арасында республикалық турнир басталған болатын. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 200-ге жуық спортшы бақ сынады. Жарыс 5 салмақ (46, 50, 55, 60, 66) дәрежесі бойынша өткізілді.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысында жеңіске жеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және қаржылай сыйақымен марапатталды.
Айта кету керек, турнир салтанатты түрде кеше Жалағаш кенті мәдени сауықтыру кешенінде ашылды.
 
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша:
46 келі салмақта:
І орын – Жанболат Саматұлы (Қызылорда қ.)
ІІ орын – Бақыт Сейілхан (Қызылорда қ.)
ІІІ орын – Ақылжан Қайратұлы (Қармақшы ауданы)
ІІІ орын – Темірлан Ермахан (Қызылорда қ.)
50 келі салмақта:
І орын – Бекзат Молдақапас (Жалағаш ауданы)
ІІ орын – Жамбыл Іскендіров (Қармақшы ауданы)
ІІІ орын – Абылайхан Жұбаназар (Қазалы ауданы)
ІІІ орын – Аят Таңатар (Жалағаш ауданы)
55 келі салмақта:
І орын – Ақылбек Ердан (Жалағаш ауданы)
ІІ орын – Ербол Иманбаев (Алматы облысы)
ІІІ орын – Қуаныш Әптайжанов (Қармақшы ауданы)
ІІІ орын – Нұржан Әбет (Жалағаш ауданы)
60 келі салмақта:
І орын – Олжас Әбдіхайым (Жамбыл облысы)
ІІ орын – Рауан Бегалы (Қызылорда қ.)
ІІІ орын – Мұрат Міркенов (ОҚО)
ІІІ орын – Ахмет Байтұрсын (Қызылорда қ.)
66 келі салмақта:
І орын – Жанболат Бақтыберген (Жамбыл облысы)
ІІ орын – Расул Исмайлов (Жалағаш ауданы)
ІІІ орын – Жанқожа Марат (Қызылорда қ.)
ІІІ орын – Анарбай Бекболат (ОҚО)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз