Жалағаш, Сырдария аудандарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылады

51

0

Жалағаш, Сырдария аудандарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрыладыАймақтың ірі құрылыс нысандары мен
әлеуметтік-экономикалық және басқа да салалары бойынша барлық мәліметті бір
жүйеден бақылап отыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының
автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жасалуда. Қазір бұл жүйені облыс орталығы
мен Арал, Қазалы аудандары толық енгізіп біткен. Осы жүйені әрі қарай дымытып,
оны басқа да аудандарда құру мақсатында арнайы электрондық карта әзірленген.

Кеше сәулет-қала
құрылысы кеңесінде Жалағаш және Сырдария аудандарының базалық деңгейдегі
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін
құру жобасын «Геоинфо» ЖШС-нің директоры В.Цымбал таныстырды. 
 Жалпы, құрылған
жүйе мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру және әкімшілік кедергілерді
азайтуға, инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамытуға, қала құрылыстық
регламенттердің сақталуын қадағалауға, жер телімдерінің ретсіз игерілуін
болдырмауға, телекоммуникация, су, жылу, кәріз, газ, электр жүйелері, жер
телімдері мен тұрғын үйлер, сондай-ақ шағын және орта бизне құрылымдары туралы
деректердің бір ақпараттық жүйеде қалыптасуына мүмкіндік береді.
 – Елді-мекендердің даму жағдайы туралы
ақпарат ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болу керек. Біздің міндетіміз –
ақпараттың халық үшін ашық және қолжетімді болуын қамтамасыз ету, – деп атап
өтті облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. 
 Облыстың барлық 7 ауданының ақпараттық
жүйелері 2015 жылдың тамыз айына дейін дайын болады, одан кейін олар
біріктіріліп, облыстық деңгейге ауыстырылады.
 Аймақ басшысы сәулет-қала құрылысы
кадастрының мамандарына жүйенің үздіксіз жұмыс жасауын және деректерді дер
кезінде өзектендіріп, қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз