Жалағашта 138 жаңа жұмыс орны ашылды

44

0

Жалағашта 138 жаңа жұмыс орны ашылдыҮстіміздегі жылдың 5 айында Жалағаш ауданында 1541 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 6750 адам жұмыс істейді. 
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Қанабевтың айтуынша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлер саны 137-ге, ал жұмыс істейтін адамдар саны 352 адамға өскен. Өндірілген өнім 204,5 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,9 пайыз. Бюджетке түскен түсім 27,5 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 112,2 пайыз болды. Аудан көлемінде  138 жаңа жұмыс орындары ашылды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз