Жалағашта арнайы ескерткіш ашылады

54

0

Жалағашта арнайы ескерткіш ашыладыЖалағашта Ауған соғысы, Семей-Невада және Чернобыль ардагерлеріне арнайы ескерткіш ашылмақ. Бұл туралы аудан әкімі С.Сермағамбетов чернобыльдік ардегерлермен кездесуінде мәлімдеді.
26 сәуір –Чернобыль апатын еске алу күніне орай ұйымдастырылған кездесуге ауданда тұратын 5 чернобыльдік ардагерлер қатысты. Адамзат баласын радиацияның зиянды әсерінен қорғап, радиацияның одан әрі тарауына тосқауыл болу үшін өз өмірі мен денсаулығын құрбан еткен ардагерлер өз ойларын ортаға салды. Кездесу барысында чернобыль апатынан естеліктер айтылып, қазіргі таңда мемлекет тарапынан чернобыльдік ардагерлерге қарастырылған қамқорлықтар жайында сөз болды. 
Кездесуде аудан әкімі Серік Сермағамбетов қайсар ерлердің ерліктеріне тоқталып, күзге қарай жоспарлап отырған ауданның 75 жылдық мерейтойы аясында Ауған соғысы, Семей-Невада және Чернобыль ардагерлеріне арналған арнайы ескерткіш ашылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, арнайы алғыс хат пен сыйлықтар табыстады. Чернобыль апатының зардабын жою қашанда тәуелсіздік пен бейбітшілік жолында жан аямаған қазақ халқы үшін ерлікке толы істерінің біреуі болып тарихта қала бермек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз