Жалағашта базар бағасы қалыпты

51

0

Жалағаш. Азық-түлiк бағасына аудан әкiмi Серік Сермағамбетов сауда орындарын аралап, бүгiнгi таңдағы азық-түлiк және басқа да тауар өнiмдерi бағаларының тұрақтылығына баса назар аударды. 
«Айдана»  дүкенiнде жоғарғы сортты ұнның келiсi- – 70 теңге, бiрiншi сортты ұнның келiсi – 59, қант – 135, сүт –165 теңгеден, өсiмдiк майының бағасы-1050-1340 теңге аралығында сатылуда. «Керейтбай» дүкенiнде бір келі сиыр етiнiң – 1200, жылқы етi – 1300 теңгеден тұтынушылар қолына тиеді. 
Ал «Ақниет» сауда орталығында бір келі ұн – 53, қант –130 теңге, сүт 145-200 теңге аралығында, май – 1050 теңгеден сатылуда. Дүкен иесi Б.Сейiтова азық-түлiктiң бағасына байланысты ешқандай өзгерiс енгiзiлмегенiн және алдағы уақытта да бағаның тұрақты болатынын айтты. 
Аудан әкiмi барлық сауда орталықтарының иелерiне теңге бағамының өзгеруіне байланысты баға саясатын қалыпты ұстауға жауапкершілікпен қарау керектігін айтты. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз