Жалағашта екі ер адамның мәйіті табылды

49

0

Жалағаш ауданында екі ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Жалағаш ауданының прокуроры Х.Жұмағұлова хабарлады.
Қыркүйектің 15-і күні Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімшесіне ауданның Жаңадария ауылынан 85 шақырым жерде «Жаңадария-Төрешқұдық» қара жолының жиегінен бейтаныс екі адамның мәйіті табылғандығы жөнінде 2019 әскери бөлімінен хабар түседі.
Сарапшы маманның айтуынша, мәйіттердің құла түзде жатқанына бір жарым, екі айдай уақыт өткен. Алайда ешқандай ит-құсқа жем болмаған. Марқұмдардың бұлшық еттері бұзыла бастаған.
«Табылған екі адамның мәйіті – ер адамдардікі», – деді Жалағаш ауданының прокуроры Х.Жұмағұлова. – Мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері байқалмағандығы анықталды. Дене жарақаттары да жоқ. Мәйіттің бірі 40 жасқа таяған Қызылорда қаласының тұрғыны екендігі белгілі болды. Психикалық аурумен ауыратын науқас біршама уақыт бұрын үйінен кетіп қалған. Алайда іздеу жарияланбапты».
Ал екінші мәйіттің кімдікі екендігі белгісіз. Бір анығы, жас мөлшері 25-30 жас аралығында.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз