Жалағашта кәсіпкерлер саны артты

55

0

 Жалағашта кәсіпкерлер саны арттыЖалағаш. Ауданда 2013 жылдың 12 айында 1415 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Былтырғы жылмен салыстырғанда 190 шағын кәсіпкерлік субъектіге артық. 
Оның ішінде 87 заңды тұлға, 248 шаруа қожалықтары, 1328 жеке кәсіпкерлер. Аталған кәсіпкерлік субъектілерінде 6411 адам жұмыспен қамтылған. 2013 жылдың 12 айында кәсіпкерлік саласы бойынша өндірілген өнім көлемі 918,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,9 пайызға өскен. Бюджетке түскен түсім көлемі 62,4 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 120,9 пайызға артқан.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз