Жалағашта өнеркәсіпті әртараптандыруға назар аударылмақ

46

0

Жалағашта өнеркәсіпті әртараптандыруға назар аударылмақАлдағы уақытта Жалағаш ауданы өнеркәсібін әртараптандыру маңызды болып отыр. Бұл туралы аудандық мәслихат сессиясында депутаттар алдында есеп берген аудан әкімі Талғат Дүйсебаев айтты. 
Аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйенсек, негізінен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнеркәсіп өнімімен негізгі қорға тартылған инвестиция көлемінен басқа көрсеткіштер бойынша өсу қарқыны қалыптасып отыр. Жалағаш ауданы негізі аграрлы аудан. Дегенмен өнеркәсіп өндірісі де назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда аудан өнеркәсібін әртараптандыру маңызды. 
Осыған байланысты  Жалағаш ауданы әкімінің 2014 жылдың екінші жартыжылдығына және 2015 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы жоспарға сәйкес біз үстіміздегі жылы ауданда бірқатар жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Оның ішінде «БИС-Групп» ЖШС-нің қызыл мия тамырын өсіру және өңдеу зауытын іске қосуға мән беріліп отыр. Сол сияқты «Жалағаш ИНТР» ЖШС-нің кірпіш зауыты, жеке кәсіпкерлердің ағаш өңдеу, балық өңдеу цехтары, «КТ-Сервис» ЖШС-нің пескоблок өндіру цехтары бар. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз