
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абзал Қанбаевтың айтуынша, осы арқылы жас ұрпақ бойында ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті арттыруға әбден болады. Өйткені, бүгінгі буын көп жағдайда қазақтың салт-дәстүрінен хабарсыз болып жүргені белгілі. Аталмыш байқауға балабақшалар мен мектептегі технология пәнінің мұғалімдері қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша аудандық оқушылар үйінің ұжымы бас бәйгеге ие болды.