ЖАЛАҒАШТАҒЫ №246 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

44

0

 ЖАЛАҒАШТАҒЫ №246 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІЖалағаш ауданында №246 мектеп күрделі жөндеуден
өтіп, бүгін оқушылар өздерінің білім ұяларында оқуды бастады. Аймақ
басшысы ауданға жұмыс сапары барысында жөндеуден өткен мектептің
жұмысымен танысты.
    Бұл білім ұясының ірге тасы 40 жыл бұрын
қаланған. Күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың соңында басталды. Жаңа
оқу жылында оқушылар өз мектептерінде білім алуға тиіс болатын.
Дегенмен, жобада қаралмаған акт залдың үстіндегі төрт плиткада жарық
пайда болып, барлығы сапалы құрылыс материалдарымен ауыстырылды. Жалпы,
мамандар құрлыс жұмыстарының жоғары деңгейде жасалғандығын айтып отыр.
Бұл мектепте білім алатын 500-ге жуық оқушыда білім ұяларының
жаңарғандарына қуанышты.
    –Талабы таудай, маңдайы жарқыраған балаларға қолдау көрсетуді
жалғастыра береміз. Жас ұрпақтың білім алуы үшін салынған инвестиция
еселеп қайтатыны сөзсіз. Жаңа оқу жылында бір күнде 9 мектепті
пайдалануға бердік. Оның 6-уы аппатты жағдайдағы білім ордасының орнына
салынды. Жыл соңына дейін жаңадан ашылған мектептің саны 19-ға жетеді,
–  деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз