Жалағаштық әріптесіміз байқаудың бас жүлдесін иеленді

44

0

Жалағаштық әріптесіміз байқаудың бас жүлдесін иеленді«Білім бастамаларын қолдау қоры» балабақша және бастауыш сынып балаларына арналған І «Құлыншақ» тақпақтар сайысының қорытындысын жариялады. Бас жүлдені «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің жауапты хатшысы Қуат Ахетов иеленді. 
22 тамызда басталған байқау қоржынына 400-ге жуық шығарма түскен. Тақырыптар мен шығармалар санына шек қойылған жоқ. Шараның нәтижесі мен жеңімпаздардың есімі «Құлыншақ» байқауының жеңімпаздарын жариялау» онлайн шарасында аталды. 
Ынталандыру сыйлығын Сәкен Болысов, Гүлнар Тәңірбергенқызы мен Алма Сайлауқызы, ІІІ орын және 20 000 теңге қаржылай сыйлықты Мира Сембайқызы, Бекарыстан Нұрланұлы және Ұларбек Нұрғалымұлы иеленді. ІІ орын және 40 000 теңгені Серікбол Хасан және Сара Тоқтамыс, І орынді және 50 000 теңгені Сағадат Сағидоллақызы иеленді. 
Ал бас жүлдеге тігілген 75 000 теңге Жалағаш аудандық газетінің қызметкері Қуат Ахетовке бұйырды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз