\»Жалағаштық жастар – жарқын болашаққа\»

40

0

"Жалағаштық жастар - жарқын болашаққа"Аудандық ішкі саясат бөлімі және «Темірқазық» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жалағаштық жастар – жарқын болашаққа» тақырыбында аудан жастарының форумы өтті.
Форумға аудан әкімі Т.Дүйсебаев қатысып, жастардың бірқатар ұсынысына қолдау білдірді. Әрбір ауылдық округ әкімдіктерінде жастармен жұмыс жасайтын 1 штаттан берілетін болды. Сонымен бірге, жастардың ұсынысымен аудан жастарының жыл сайын тағайындалатын арнайы сыйлығы ұсынылып, қолдау тапты.
«Дін және жастар», «Еріктілер қозғалысының дамуы», «Жастар саясатындағы мемлекеттік бағдарламалардың ролі» тақырыптарындағы секция отырыстарында жиылған 200-ге жуық аудан жастары өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік, туризм және өнеркәсіп бөлімі, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры, «Кәсіпкерлер палатасының» өкілдері жастарға байланысты түрлі мемлекеттік бағдарламалардың жайында толық ақпараттармен бөлісті.
Пленарлық мәжілісте аудан әкімі Талғат Тұрсынұлы ауданымыздағы жастар саясатының дамуына толыққанды қолдау көрсететінін, жастармен кездескені үшін қуанышты екенін жеткізді. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастарды қолдау орталығы» МКМ ақпараттық-сараптамалық бөлімінің меңгерушісі Досмаханов Жанболат Жеңсікбайұлы облыста жүрігзіліп жатқан жастар саясаты жайында ақпарат беріп өтті.
Аудан жастарының бастамасымен еріктілер қозғалысы құрылып, жетекшісі болып жас мұғалім Алтынай Нұрланқызы бір ауыздан форум барысында сайланды.
Шара соңында аудан жастары аудан әкімі Талғат Тұрсынұлын футболдан жолдастық кездесуге шақырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз