Жалағаштықтар «Беллароза» сұрыбынан мол өнім алмақ

35

0

Жалағаштықтар «Беллароза» сұрыбынан мол өнім алмақБиыл Қызылорда облысында бірінші рет Жалағаш ауданының «Таң ЛТД» ЖШС тамшылатып суару әдісімен картоптың ерте пісетін «Беллароза» сұрыбының тұқымын 10 гектар жерге екті. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.

Жалағаш ауданында осы жылы 30 396 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын егу межеленіп, 30 366 гектар жерге егін орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш – 19 911 гектар, жаздық бидай – 230 гектар, мақсары – 61 га, жаңа жоңышқа – 3 100 гектар, ескі жоңышқа – 4 649 гектар, картоп – 808,5 гектар, көкөніс – 700 гектар, түрлі бақша дақылдары – 906,5 гектарға егілген. Үстіміздегі жылдың өзінде лизингке 51 техникаға тапсырыс беріліп, 43-і жеткізілді», – делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз