Жалған хабарлама үшін жауапкершілік бар

143

0

Бүгін Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Қуанышбек Оразов қатысуымен «Террористік акті туралы жасалған хабар таратушыларды жауапқа тарту мәселелері»  тақырыбында брифинг өткізілді.

2015 жылдың 01 қаңтарынан Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Заңнамаға енгізілген өзгерістер негізінде бірнеше баптардың мазмұны мен төркіні қатаңдатылған. Кодекс тұжырымдарына сәйкес, қоғамға зиян келтіру қатерін туғызатын іс-әрекет, қылмыс болып саналатын – экстремизм мен терроризм әрекеттері үшін жауапкершілік күшейтілді. Жаңадан қабылданған заңнама бойынша Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бұрынғы 242-бабы қазіргі 273-бабына өзгертіліп, көрілетін қылмыстық жауапкершілік ретінде алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады деп көрсетілген.

Осы қылмысты жасаған азаматтар немесе кәмелетке толмаған тұлғалардың ата-анасы ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартыла отырып, мемлекеттік органдарға келтірген материалдық залалын толық мөлшерде өтейді.

Бүгінгі күні қолда бар заманауи техникалық құралдармен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген азаматтардың жүрген жерін және жеке басын анықтау ешбір қиындық туғызбайды.

Мысалыға келтіретін болсақ, 2015-2016 жылдары көлемінде (2015 жылы 9 хабарлама келіп түссе, оның 3-і жалған хабарлама, ал 6-ы облыс тұрғындарымен қырағылық білдіру болып танылды. 2016 жылы 8 хабарлама келіп түскен, оның 3-і жалған хабарлама, ал 5-і облыс тұрғындарымен қырағылық білдіру болып танылды) Жедел басқару орталығына  3 жалған хабарламадан келіп түскен. Жүргізілген  жедел-тергеу шаралары барысында жалған хабарлама таратқан күдікті азаматтар ұсталып, оларға қатысты қылмыстық істер қозғалды.

2017 жылдың басынан бері жедел басқару орталығына 2 хабарлама келіп түскен, оның біреуі жалған хабарлама болып, аталған хабарламаның иесі Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, оған қатысты қылмыстық іс-қозғалған. Алғашқы мәліметтер бойынша хабарлама иесі психикалық жүйке аурулар диспансерінің есебінде тұратыны анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Осы бағыттағы қылмыстардың алдын алу бойынша департамент қызметкерлерімен тұрақты түрде мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, жоғары және орта оқу орындарының оқушылары арасында күдікті жарылғыш затқа ұқсас заттар табылған жағдайда алғашқы іс-қимыл әрекетіне сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Алғашқы іс-қимыл алгоритміне сәйкес, азаматтар күдікті жарылғыш затқа ұқсас заттарды тапқан жағдайда, сол орынды қоршап, құқық қорғау органдарына және мекеме басшылығына хабарлап, басшысының нұсқауына сәйкес ғимараттан барлық азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың барлығын қауіпсіз аймаққа шығару жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға басына келгенше эвакуацияланған азаматтарды еш жерге жібермей, арасынан күдікті азаматтар жайлы ақпарат жинап, келген жедел-тергеу тобына мекеме басшысымен күдікті зат жайлы және эвакуацияланған азаматтар жайлы толық ақпаратты ұсыну қажет. Әрі қарай барлық іс-әрекеттер құқық қорғау органдарының нұсқаулықтарына сәйкес атқарылады.

Сөзімді қорытындылай келе, облыс тұрғындарынан өздерімен бірге жолға алып шыққан заттарға бас-көз болып, қараусыз қалдырмауды сұрай отырып, аталған іс-әрекеттер халық арасында үрей тудыратындығын естеріне саламын.

 

Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз