Жалған сертификат жарға шықты

38

0

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы  ҚК-нің 323 бабымен айыпталған Е.-ның қылмыстық ісі қаралды.
Ол орталық ауруханасының бас дәрігерінің бұйрығымен мейірбике болып жұмысқа қабылданғанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен бекітілген медицина саласындағы біліктілік санатынан өту емтиханының ережесі бойынша мейірбике қызметінде жұмыс атқару үшін «жалпы практика медбикесі» маман сертификатын алуға міндетті болған. Өкінішке орай, осы ереженің талабын бұзып, тест тапсырмастан және әңгімелесуден өтпестен, мейірбикелік жұмысты әрі қарай атқару мақсатында маман сертификатын бейтаныс азаматшадан 5000 теңгеге сатып алып, құқық беретін ресми құжатты заңсыз өткізген.
«Сот қаулысымен Е. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 69 бабының 1 бөлігінің «а» тармағына сәйкес ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды. Бұдан бөлек үстіміздегі жылы аудандық сотта осы тектес тағы 3 қылмыстық іс қаралған. Қаулы заңды күшіне енбеген» деп хабарлайды Арал аудандық сотының баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз