Жалаңтөс Баһадүрді еске алуға арналған бокстан республикалық турнир өтеді

36

0

Жалаңтөс Баһадүрді еске алуға арналған бокстан республикалық турнир өтеді5 қараша күні Қызылорда қаласында Жалаңтөс Баһадүр бабамызды еске алуға
арналған бокстан 2000-2002 жылдары туылған жасөспірім қыздар мен
2002-2003 жылдары туылған жасөспірім ұлдар арасында республикалық турнир
басталады, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт
басқармасының баспасөз қызметінен.

Жарыс қыздар арасында 5 салмақта,
ұлдар арасында 18 салмақ дәрежесінде өткізіледі. Аталмыш жарыс биыл
облыста тоғызыншы мәрте ұйымдастырылуда.

Дүбірлі дода 5 қараша күні сағат 14.00-де басталады, салтанатты
ашылуы сағат 15.00-де Ж.Баһадүр атындағы облыстық дарынды балаларға
арналған спорттық мектеп-интернаттың бокс залында өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері 8 қараша күні белгілі болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз