\»Жалын\» лагері жазғы маусымға дайын

55

0

"Жалын" лагері жазғы маусымға дайын«Жалын» тынығу лагері жазғы маусымда балаларды қабылдауға толықтай дайын. Биыл лагерьде 7 ауысымда 910 бала демалады деп жоспарлануда. Бұл жылдың ерекшелігі түрлі салаға бейімі бар оқушылар 1 ауысымда демалатын болады.
Типтік негіздегі лагерьде 8-і демалыс орны, 2-і қызметтік, 1-і дәрігерлік пункт және 130 орындық асхана бар. Лагерь аудандық бюджет есебінен күрделі жөндеуден өткізіліп, қысы-жазы жұмыс жасауға лайықтандырылған. Лагерьдің ойын, спорт алаңдарындағы спорттық құрал-жабдықтар санитарлық талапқа сай толығымен жаңартылған. Осы жылы лагерьдің ауыз су және кәріз жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Биыл лагерьде ата-аналардың, демеушілердің және шаруашылықтардың есебінен барлығы 3000 оқушы демалатын болады. Тәрбие жұмыстарын тұрақты 6 штат, аудандағы мектептер есебінен бөлінген 8 тәрбиеші және «Ұлағат Ұландары» жастар бірлестігінен 3 адам жүргізеді. Балаларға арнайы дәрігерлік бекет жұмыс жасайды, онда тіс емдеу кабинеті және алғашқы дәрігерлік көмек жасайтын бөлмелер бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз