
«Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ерекшеліктердің бірі бір мезгілде бүкіл ел болып бір кітапты оқып-талқылау болып табылады.
Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін көпшілікке танымал ету, қоғамның кітап оқуға және Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылығын арттырып, өскелең ұрпақтың рухани дамуына ықпал ету.