Жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыс – 47019 теңге

42

0

 Қызылорда.
Облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, 2013 жылғы қарашада халықтың
жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары (бағалау бойынша) 47019
теңгені құрады. Осы кезеңге тауарлар мен қызметтердің тұтыну бағасының өсуіне
байланысты 2012 жылғы қараша айымен салыстырғанда 3,9 пайызға өсті.

Нақтылай ақшалай
табыстар үшін өткен жылдың деңгейінде қалды. 2013 жылғы қарашада орташа жан
басына шаққандағы ақшалай табыстың мөлшері Қызылорда облысы бойынша орташа
республикалық деңгейге қатысты 83,5 пайызды құрады. Өткен жылғы қарашадағы ең
төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы және атаулы ақшалай табыстардың арасындағы
қатынас 2,8 есені шамалады.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз