ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫҢ ЖАҢА БАҒАСЫ

47

0

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙДЫҢ ЖАҢА БАҒАСЫ Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі жанар-жағармай өнімдерінің бөлшек саудадағы бағасының шегін белгіледі.
Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың министрлік сайтында 21 тамыз күні жарияланған бұйрығы бойынша, енді дизель отынының бір литрінің бағасы – 115 теңгеден, АИ-80 маркалы бензин – 89 теңгеден, АИ-92/93 маркалы бензин – 128 теңгеден аспауы керек.
Бұған дейін еліміздің біраз өңірлерінде дизель отынының литрі – 115 теңге, АИ-80 маркалы бензин – 89 теңге, сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензині – 115 теңге, ал АИ-96 маркалы бензин 145 теңгеден болып келген еді.  Бірақ соңғы кездері жанармай құю бекеттерінде, әсіресе ресейлік бензин сатушыларда сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы сезіле бастаған.
Бағаның қымбаттауы біздің өңірде де орын алды. Осыған байланысты қалыптасқан жағдайды білу мақсатында біз облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Қайыржан Бермахановқа хабарласқан едік. «Жанар-жағармайдың жаңа бағасына байланысты бізде де баға көтерілді, бірақ жағдай тұрақты», – дейді басшы орынбасары. Тиісті орындар тарапынан бағаның шекті мөлшерден асып кетпеуі қатаң қадағаланып отыр екен. Жағдайды толық бақылауға алу үшін жанар-жағармай саудасына қатысты мониторинг күнделікті жүргізіліп келеді.                      

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз