Жанармай құю бекетін тонағандар сотталды

48

0

Жанармай құю бекетін тонағандар сотталдыҚызылорда облысында май құю бекетін тонау жиі орын алады. Бұл жолы Н. есімді азамат мас күйінде Ғ. екеуі бірлесіп, оның жеңіл автокөлігімен жанармай құю бекетіне келген. Сол жерде сотталушылар Н. мен Ғ. май құюшыны соққыға жығып, ғимараттың ішінде тұрған сейфтің кілтін қолға түсірген. Содан соң олар сейфтің ішінен 166317 теңге ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалайды. Шиелі аудандық сотының үкімімен сотталушы Н. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 178-бабының 2-бөлімінің «А», «В», «Г» тармақтарымен кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге, ал Ғ. есімді азамат дәл осы баппен 3 жылға бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз