Жандары мәңгі қызылордалықтар

41

0

Жандары мәңгі қызылордалықтар«Қазақстанға ыстық ықыласпен» атты жоба аясында Қызылордаға бұрын осында қызмет атқарып, кейін тарихи отандарына қоныс аударған 8 отандасымыз келді. Олардың Сыр өңіріне келулеріне «Қызылорда облысының кәріс жастары қозғалысы» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы ұйытқы болды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы, Қызылорда облысында жыл сайын шетелдерде тұрып жатқан отандастарымызбен жүздесулер тұрақты өткізіліп тұрады. Меймандардың қатарында бұрынғы Ленинск қалалық комсомолының бірінші хатшысы, Мәскеу қаласының тұрғыны Владимир Каширин, Қазақстан компартиясы орталық комитетінің қызметкері, Калининград қаласынан Виталий Андреев (№5 орта мектептің бұрынғы биология пәнінің мұғалімі, партия қызметкері), Шешен Республикасының халық әртісі, ұлттық аспаптар ансамблінің жетекшісі, Грозный қаласының тұрғыны Сұлтан Адаев, Шешен Республикасынан Салам Асхапов – құрылысшы, Томск қаласынан Наталья Кан (бұрын күріш зерттеу институтында жұмыс жасаған, қазір Томск қаласындағы фирмада менеджер), бұрын облыста тексеруші болған, қазір кәсіпкер және де Томск қаласындағы қазақ диаспорасын басқаратын Райхан Лаубаева, Томск қаласынан Александр Цой (қызылордалық фирмада монтаждық цехтың басшысы, қазір Томск қаласындағы бір фирмада директордың орынбасары), облыстық психоневрологиялық диспансердің бұрынғы медициналық қызметкері, қазір еңбек демалысындағы Лидия Пшенникова болды.
Жандары мәңгі қызылордалықтарҚонақтардың барлығы Сырда туып-өскен, еңбек еткен, кейін тарихи отандарына қоныс аударған жерлестеріміз. Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова кездесу Қазақстан халқының ұлттық тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін байытуға және оған жаңаша қарауға, шетелдерде тұрып жатқан бұрынғы отандастарымызбен байланысты кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты.

Меймандар туған жерлері жайлы өз әсерлерімен бөлісті.
– Қызылорданың көркейіп және өсіп келе жатқандығы мені қуантады. Қайырымды, мейірімді, қонақжай адамдары ғана өзгермеген. Мен мұндай адамдарды басқа еш жерден кездестірмедім. Ұзақ жылдар бойы Мәскеуде тұрғаныма қарамастан, жүрегіммен қызылордалықпын, – дейді В.Каширин.
Ал Виталий Андреев Қызылордада 20 жылдан бері болмаған. Бір кездері ол осында партия құрылымдарында жұмыс жасаған.
– Қызылорда – менің туған қалам. Қала мені өзінің гүлденуімен, тазалығымен таңқалдырды. Мен Қызылорданың дәл осылай өзгергендігін көз алдыма елестете алмадым, бірақ мен оның ескі ғимараттарын, әрбір көшесін білемін. Бұл жерде барлығы мені қуантады, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, – деді ол.
Делегация мүшелері «Менің Қазақстаным» атты телебағдарламаға қатысты. Қонақтарға өңірдің тарихы мен дамуы жайында бейнебаян көрсетіліп, ұлттық өнерді насихаттайтын концерттер ұйымдастырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз