ЖАНДОСТЫҢ ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ

51

0

«Спорт – достық жаршысы». Осынау тәмсілді аралдық саңлақтың жеңісті жолы жандандыра түскендей. Жуырда спорттың таеквондо түрі­нен Ресей Федерациясының Омск қаласында V халықаралық турнир өткен болатын. Аталған турнирге есімдері баршаға жақсы мәлім көптеген спортшылар қатысты.

Осынау дүбірлі додада  №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің оқушысы Жандос Сералиев те бағын сынаған еді. Жерлесіміз 48 келі салмақта күш сынасып, турнирдің қола жүлдегері атанды. Жандостың бапкері – №19 ААОРМБЖ  мек­тебінің  1-ші санатты жаттықтырушы Мади Исмайлов. Келешегінен үміт күттіретін таеквондошы Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы.

 

Жұмабек Табынбаев.

Арал ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз