ЖАНДЫ ЖАДЫРАТҚАН КОНЦЕРТ

44

0

ЖАНДЫ ЖАДЫРАТҚАН КОНЦЕРТЖуырда ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыс
бойынша ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтарға арналған мерекелік
концерт өтті. Қызылорда облыстық филармониясы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
ұйымдастырған шарада «Сыр самалы» вокалды және үрмелі аспаптар ансамблінің
өнерпаздары өз өнерлерін паш етті. Жанды дауыста айтылған әсем ән мен
сыңғырлаған күй жазасын өтеушілерге рухани демалыс сыйлады.

– Мұндай мәдени шаралар өткізудің мән-маңызы зор. Себебі,
жаза басқан жандарды қайта тәрбиелеудің бірден-бір жолы – тәрбиелік іс-шаралар
жүргізу. Бостандыққа шыққаннан кейін олардың өмірден өз орындарын табуына
рухани іс-шаралар зор септігін тигізеді, – дейді мекеме басшысы Тасболат
Қалымбетов.

Н.ТАСТЕМІР.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз