Жанқожа батырды ұлықтаған ақындар мүшәйрасы өтті

74

0

Жанқожа батырды ұлықтаған ақындар мүшәйрасы өттіҚазалы ауданында Жанқожа батырдың 240 жылдығына арналған мерейтой жалғасуда. Аудандағы №269 мектепке Жанқожа батыр есімін беруге арналған шарадан соң, Қазалы аудандық мәдениет орталығында «Ел қорғаны, Ер Жәкем» атты аймақтық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Бұл туралы аудан әкімінінің баспасөз хатшысы Балгүл Мамен хабарлады.

Мүшәйраға Қызылорда, Шымкент, Ақтөбе қалалары мен аудандардан барлығы 20 талапкер қатысты. Қазылар алқасы олардың Жанқожа батырға арнау өлеңдерінің мағынасына, шумақ ұйқасына, сахна мәдениетін игеру деңгейіне, өлеңнің жатқа оқылуына басты назар аударды.
Нәтижесінде бас жүлдені қазалылық Есет Табынбаев жеңіп алса, жүлделі І орынды қазалылық Сапар Абдулла иеленді. Жүлделі ІІ орындарды Байқоңыр қаласынан Ұлықбек Тәңірбергенов, Сырдария ауданынан Салтанат Қожа еншіледі. ІІІ орындар қызылордалық Мөлдір Айтбай, шиелілік Бекжан Ержігіт, қазалылық Ұлан Қалиевке бұйырды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Бұдан соң Әйтеке би кентіндегі аудандық оқушылар үйінде драматург Рүстем Жанаевтың «Жанқожа батыр» спектаклі қойылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз