Жанқожа туралы «Наркескен» кітабы шықты

69

0

Жанқожа туралы «Наркескен» кітабы шықты Қазалы ауданы әкімі Бахыт Жаханов ауданға арнайы іссапармен келген жазушы Әбдісаттар Оспановты қабылдады. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаламгер ұлт азаттық күрестің ұлы қолбасшысы болған Жанқожа бабаның 240 жылдық мерейтойы қарсаңында атқарылар ауқымды жұмыстар туралы ой бөлісті. Батыр бабаның өмірі мен ерлігі және өнегелі істері туралы жазылған «Наркескен» атты ІІІ томдық кітабын аудан әкіміне сыйға тартты. Қарымды қаламгер іс-сапар барысында өзі қызмет істеп, ізі қалған мекеме-кәсіпорындарда болып қайтты. Жанқожа бабаның кесенесіне тағзым етіп, баба атындағы мешітте құран бағыштады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз