Жарамсыз бөлшектерден мүсіндер жасайды

44

0

Жарамсыз бөлшектерден мүсіндер жасайдыЖаңақорған. Ағаш ойып, темірден түйін түюді қазақ халқы ерекше киелі өнер түрі деп есептеген. Осындай кәсіп түрлерін меңгерген азаматтар Жаңақорған ауданында да баршылық. 
«Соның бірі – Қожакент ауылының тұрғыны Абибулла Төлегенов. Зейнет жасына жақындаған азамат ой мен қол еңбегін ұштастыра отырып, қара темірді иіріп түрлі мүсіндер соға біледі. Жергілікті ұстаның бір туындысы – қос аққу бейнесі бүгінгі күні орталық көшеде ауыл сәнін келтіріп тұр. Жеңіл көліктердің жарамсыз бөлшектерінен жасалынатын бұл дүниелер қазірде өзге ауыл тұрғындары арасында да сұранысқа ие» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз