Жарна төлемегендер медициналық көмектен мүлдем қағыла ма?

40

0

Жарна төлемегендер медициналық көмектен мүлдем қағыла ма? Қазіргі таңда көпшілікті мазалап жүрген осы сауалға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz.
«Жүйе шеңберінде 2020 жылдың 1-қаңтарына дейін өтпелі кезең қарастырылған. Бұл белгілі бір жағдайлармен жарна төлеуге мүмкіндігі болмаған, сақтандырылмаған азаматтарға арнап әдейі жасалған мүмкіндік. Бұл мүмкіндікті еліміздің барлық тұрғыны пайдалана алады. Жарна төлемеген азаматтар 2020 жылдың қаңтарына дейін емханалық-амбулаторлық көмекті де, стационарлық көмекті де, шұғыл көмек түрлерін де пайдалана алады. Ал, жоспарлы стационарлық көмекті 2020 жылдан бастап пайдалана алмайды. Ол үшін өтпелі кезең тоқтатылады. Тек шұғыл көмек пен әлеуметтік маңызы бар сырқаттарға ем жасайтын кепілдендірілген емдеу, кепілдендірілген тегін медициналық көмек түрлері ғана қалады», – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қордың мәліметінше, 2020 жылдан бастап әлеуметтік сақтандыру пакеті шеңберіндегі көмек түрлерін толық пайдалану үшін міндетті түрде жарна төлеу керек болады. Жарнаны ай сайын немесе бірден 12 айға төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Еске сала кетсек, 2017 жылдың шілдесінде елімізде сақтандыру жүйесі кезең-кезеңмен енгізіле бастайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз