Жартастағы жазулар ғылыми кітапта жарияланады

67

0

Жартастағы жазулар ғылыми кітапта жарияланадыЖаңақорған ауданы аумағындағы Қаратау тастарында жазылған тарихи жазулар туралы мәліметтер алдағы уақытта «Менің Отаным – Қазақстан» сериясы бойынша жарық көретін ғылыми- танымдық кітапта жарияланбақшы.
 Бүгінгі Жаңақорған ауданының территориясындағы біздің жыл санауымызға дейінгі 1 мыңжылдықтан басталатын ерте темір дәуірінің жүзге жуық обалар қорымдарымен қатар жартас суреттерінің көп табылуы- өңір тарихының тым көнеден бастау алатынын дәлелдейді. Әсіресе, Талап ауылынан солтүстікке қарай 17,6 шақырым жерде, Бесарық өзенінің оң жағалауындағы Күйкентай шоқысының шығыс бетіндегі жартастарда адамдардың, тау текелердің, түйелердің бейнелері салынса, Қосүйеңкі ауылының солтүстік шығысындағы Құланшы өзенінің сол жағалауындағы жартас беттерінде бірнеше таутеке мен түсініксіз бейнелер қашалып салынған. Жартастағы жазуларда не жазылғаны бүгінге дейін жұмбақ болып келеді. «Сонда да болса жартастардағы бейнелердің әрқайсысын сол заманның жаршысы, сол дәуірдегі ата- бабаларымыздың тұрмыс- салты мен әдет- ғұрпы деп қарастырамыз» дейді аудан әкімдігі баспасөз қызметі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз