
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі күні осы кәсіпті жары мен балалары жалғастырып келеді. Кәсіптің бәсекеге қабілетті болуын әр кез назарда ұстап, салонды үнемі жаңалап отырады. Фотосалон қазіргі кезде үлкен форматтағы түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталған. Суреттердің барлық түріне тапсырыстар қабылдайды. Сонымен қатар 4 адамды жұмыспен қамтып, осында 5 жыл үздіксіз қызмет еткен жандарға санаторийге тегін жолдама беріп, тынығуларына жағдай да жасалған.