Жарыс мәреге жетті

55

0

Жарыс мәреге жеттіЖалағашта 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай «Біз нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен өткен аудандық футбол турнирі бүгін өз мәресіне жетті. Аудан орталығынан және ауылдық окургтерден қатысқан командалар тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Мереке қарсаңында ұйымдастырылған бәскеде 12 команда екі күн бойы сынға түсті. Турнир нәтижесінде Жалағаш кентінің командасы жеңіс тұғырынан көрініп, кубокті иеленсе, екінші орын Жаңаталап ауылдық округінен келген командаға бұйырды. Ал, үшінші орынға Қаракеткен ауылдық округінен келген команда табан тіреді.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов жеңімпаз командаларға арнайы кубоктар мен турнирге демеушілік жасаған «Өркен Әлем» ЖШС-нің қаржылай сыйлықтарын табыстады.
 
Шынар БЕКБАН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз