Жарықтандыру жұмыстары жалғасуда

60

0

Жарықтандыру жұмыстары жалғасудаҚызылорда қаласының көшелері мен орталығындағы жарық бағаналарын жаңғырту жұмыстары жалғасын табуда. Бұл туралы қалалық коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласының мамандары мәлім етті. 
Дәлірек айтқанда, қаладағы 16 көшеге жаңа үлгідегі 1182 жарық бағанасы орнатылады. Қытайдан әкелінген бағаналардың арақашықтығы – 30 метр, биіктігі – 11 метр. Оған облыстық бюджеттен 363 млн теңге қаралған. Жарық шамдарды орнату жұмыстарын жүргізуші «Қызылорда Электромонтажстрой» ЖШС-нің энергетик маманы Айдарбек Оразалының айтуынша, соңғы үлгідегі диодты жарық шамдардың сапасы бұрынғымен салыстырғанда жоғары әрі электр тоғын үнемдеу тұрғысынан алғанда тиімді. «Жаңа шамдар арқылы электр тоғын 8 есе үнемдейтін боламыз және тоқ сымдары бұрынғыдай әуемен емес, жер астымен жүргізіледі. Бұл бір жағынан қауіпсіз әрі қаланың сәнін келтіріп тұрады», – деп атап өтті А.Оразалы.  
Жарық бағаналарының сапасын қадағалайтын «Қызылорда Центр Строй» ЖШС мұндай жұмыстар өткен жылы да қолға алынып, 43 көшеге дәл осындай жарық бағаналары орнатылғане еді.
Естеріңізге сала кетейік, көшедегі жарық шамдарының санын көбейтудегі мақсат – түнгі мезгілдегі құқықбұзушылықты болдырмау. Сол себепті, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін түнгі шамдар кешкі сағат 21:30-дан бастап, таңғы сағат 5:30-ға дейін үзбей жарық беріп тұрады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз