Жас балуандар боз кілемде күш сынасты

88

0

Жас балуандар боз кілемде күш сынастыЖаңақорған ауданы Бірлік ауылында білікті бапкер, ұлағатты ұстаз, аяулы әке Орынтай Жолшиевтің 63 жасқа толуына орай жасөспірімдер арасында еркін күрестен республикалық ашық турнир өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ашық турнирге Ақтөбе, Түркістан, Арал, Шиелі және ауданнан 10 команда
қатысты. Дүбірлі доданы Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, «ҚР Дене
тәрбиесі мен спортты дамытудағы еңбегі үшін» медалінің иегері,
профессор, халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі
Жақсыбек Егізбаев ағамыз ашып берді. Одан әрі боз кілем төрінде жас
балуандарымыз кім мықтыны анықтап, бабында екендіктерін күрестерімен
дәлелдеді. Қарсыластарының жауырын жер иіскеткен жаңақорғандық команда
оқ бойы озып шығып топ жарды.
Тартысты өткен турнир соңында Бірлік
ауылының тумалары, Еркін күрестен бірнеше дүркін ел чемпионы, Әлем
чемпионатының күміс жүлдегері, Бейжің олимпиадасының қатысушысы Жасұлан
Мұхтарбекұлы мен Еркін күрестен ел чемпионы, басқа да халықаралық
турнирлердің жеңімпазы, Ұлттық құрама мүшесі, Қанат Мұсабеков жеңімпаз
балуандарға марапаттарын табыстады.
Турнирді ұйымдастырушы білікті
бапкердің інілері Ерлан, Ербол Шохаевтар мен шәкірті Қайрат Оралбеков
ағамыз алдағы жылдарда осы жарысты тұрақты өткізсек деген ниеттері бар
екендіктерін жеткізді.
Айта кетейік, Орынтай Жолшиев ағамыз ауылдық жерде тұрса да бүгінде оның шәкірттері еліміздің түпкір-түпкірінде сан салада қызмет етуде. Шәкірттерінің арасынан 10-нан аса бапкер шыққан.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз