Жас боксшылар Қызылордаға жиналмақ

35

0

Жас боксшылар Қызылордаға жиналмақ24-27 қараша аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС жүлдесіне арналған 1999-2000 жылдары туылған жастар арасында бокстан халықаралық турнир өтеді. 
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылатын турнирге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен және еліміздің облыстарынан  200-дей былғары қолғап шебері қатысады. Жарыс 11 салмақта (46, 49, 52, 56, 60 ,64, 69, 75, 81, 91, +91 келі) өткізіледі.  
Дүбірлі бәсеке облыста екінші мәрте ұйымдастырылуда. Жарыстың салтанатты ашылуы 24 қараша күні сағат 15.00-де, басталуы 15.30-да өтеді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз