Жас есімдердің жұлдызын жаққан

82

0

Жас есімдердің жұлдызын жаққанҚызылордада екі күн қатарынан облыстық ХІХ «Бозторғай» балалар шығармашылығы конкурсы өтті. Оған аудандар мен қаладағы іріктеу кезеңінің 500-ден астам жеңімпазы қатысты. Шараның шымылдығы 12 сәуір күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде түрілді.
Биылғы байқаудың ерекшелігі көркемсөз оқу сайысының бағдарламаға енгізілуі болды. Одан бөлек, балалар ән, хореография және халықтық орындау жанрлары бойынша бақ сынады. Қатысушыларға облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының директоры Сәбит Амангелдиев сәттілік тіледі. Ол Сыр елі мәдениеті мен өнерінің өрістеуіне аймақ басшысы әркез қолдау білдіріп келе жатқанын жеткізді. 
1999 жылы Алматы қаласында басталып, 2003 жылдан былай «халықаралық» мәртебесін алған өнер сайысында бұл жолы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов, ҚР еңбек сіңірген қызметкері Әлмырза Ноғайбаев, ҚР мәдениет қайраткері Жұмабек Аққұлов, композитор Сәбит Ұлықпанұлы секілді мамандар төрелік етті. Шараның алғашқы күнінде қатысушылар вокалдық қабілеттерін дәлелдеп, халықтық шығармаларды нақышына келтіріп орындауға күш салды. Ал ертеңіне балалар көркемсөз оқып, билеуден бақтарын сынады. 
Байқау осы күні түс ауа мәресіне жетті. Әртүрлі жас шамалары бойынша бас жүлдені ән жанрында Әділжан Дәуренұлы, Аякөз Аралбайқызы, Салтанат Әбдіқали, ал көркемсөз оқу жанрында Нұрқожа Тілек, Сандуғаш Нұрланқызы, Сәния Жақыпова алды. Халықтық орындау жанрында Елмұра Сабыр, Мая Жалғасбаева мен Мұхамеддин Көшербайға тең келер ешкім болмады. «Бегім Ана» балабақшасының балғындары, шиелілік «Жас дәурен», жалағаштық «Алтын арай» би топтары хореография бағыты бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Олар мамыр айында Алматыда өтетін халықаралық байқауға қатысады. 
 
Жас есімдердің жұлдызын жаққан
Жас есімдердің жұлдызын жаққан
Жас есімдердің жұлдызын жаққан

Н.САНИЯЗОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз